84 МЫҢ АДАМ РАДИКАЛДЫ НАСИХАТ КӨЗДЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ (ФОТО)

84 МЫҢ АДАМ РАДИКАЛДЫ НАСИХАТ КӨЗДЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың «Дін саласындағы жалпы жағдай туралы» тақырыбындағы брифингі өтті.

Брифинг барысында Е.Нүкежанов бірінші жартыжылдықта еліміздегі діни ахуалды қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен комитеттің алдында тұрған міндеттері туралы айтып берді.

Комитет төрағасы соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдаудың үлесі 87,6 %-ға жетіп отырғандығын атап өтті.

Комитет пандемия кезінде интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударып отыр. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ақпараттық кеңістікте 62 мыңнан астам материал әзірленіп, жарияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп нәтиже.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі радикалды насихат көздерінен шығарылған.

«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдердің 96%-ы радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделуі ведомствоның атқарған жүйелі жұмыстарының маңызды нәтижелерінің бірі болып отыр.

Сондай-ақ Е.Нүкежанов Діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта Комитет тарапынан діни бірлестіктерді тіркеу және діни рәсімдерді өткізу мәселелерін оңтайландыруды көздейтін түзетулер енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар Е.Нүкежанов еліміздің діни бірлестіктеріне карантин шектеулеріне түсіністік танытып, қиын кезеңде мемлекетке қолдау білдіргені үшін және халықтың діндар бөлігіне короновирусқа қарсы вакцина алуға шақыру жұмыстарындағы белсенділіктері үшін ерекше алғыс білдірді.

Брифинг соңында комитет төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: