Жамбыл ауданының орталық Жастар орталығында аудандық «Бәйдібек» мешітінің «Әжелер алқасының» төрайымы Мусалиева Үміткүл апа аудан жастарына «Рухани тәрбие – Ихсан ілімін» насихаттады.
Ихсан ілімі – адам баласына рухани құндылық беретін, тақуалыққа жетелейтін бірден-бір жол. Тақуалыққа жету үшін ең алдымен мықты иман, дұрыс ақида, жақсы амал, шариғат тыйған нәрселерге аса мән беретін сау жүрек, нәпсіні тежеу, біреудің дөрекі әрекетіне көркем мінез-құлықпен жауап беру, Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезін бойға сіңіруге деген ұмтылыс керек. Осы ретте біреудің дөрекі әрекетіне көркем мінез-құлықпен жауап беру дегенді ерекше айта кеткен абзал.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі