Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.
Адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен республика бойынша барлық мешіттерде марқұмдардың рухына Құран Хатым бағыштап, дұға жасауды тапсырған болатын.
Меркі аудандық орталық "Меркі ата" мешітіне жиналған аудан имамдары Алланың кәләмін оқып, қаза болғандарға мейірімін төгуді, артында қалған отбасыларына сабыр, елімізге аманшылық тілеп, Алладан дұға тіледі.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті



10 Қараша 2025
19 Джумада-авваль 1447

