«ХАЛАЛ ДАМУ»: ТАМЫЗ АЙЫНДА 12 МЕКЕМЕ ЖАҢАДАН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

«ХАЛАЛ ДАМУ»: ТАМЫЗ АЙЫНДА 12 МЕКЕМЕ ЖАҢАДАН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

МДБ-ға қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі тамыз айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы жаздың соңғы айында 20 мекеме сертификатын жаңартқанын жеткізді.

«Осы айда 12 мекеме жаңадан тіркеліп, сертификатқа ие болды. Олардың қатарында 2 шұжық цехы, 5 тамақтану орны, 1 ет дүкені, 1 шәй өндірісі, 2 ұн өнімдері мен 1 кондитерлік өнімдер, сондай-ақ 1 емдеу профилактикалық өнімі бар. «QMDB Halal» сертификатына ие 14 мекеме кезектен тыс тексерістен өтсе, 20-дан астам сауда орнына бақылау-тексеру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек «Маки Маки» сауда белгісінің еліміз бойынша 11 нүктесін мамандарымыз тексеруден өткізді» дейді А.Асқарбекұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: