Аудан имамдары Бас мүфтидің қолынан сертификат алды (ФОТО)

Аудан имамдары Бас мүфтидің қолынан сертификат алды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазірет жергілікті жерлердегі өкілеттіктерден үнемі өздеріне қарасты имам-молдалардың білімі мен біліктілігі жоғары болуын талап етіп отыратындығы белгілі.

Осы бағытта Өскемен өңірінің өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының ұйымдастыруымен облыстық мешіттің жанындағы сауат ашу курсына аудандардың бас имамдары мен облыс орталығындағы мешіттердің бас имамдары он күндік семинарға келіп, білімдерін ұштаумен қатар біліктіліктерін арттырып қайтты.

Имамдарға – Алматыдан «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінен арнайы шақыртылған университеттің аға оқытушысы, PhD докторанты Қайрат Құрманбаев  пен қатар облыстық орталық мешіттің ұстаздары дәріс берді.

Семинардың аяқталуы облыс орталығы Өскемен қаласында болып өткен «Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен тұспа-тұс келгендіктен, конференция жұмысына қатысып шыққан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  мен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мешітімізге арнайы ат басын бұрып, имамдарға арнайы үлгідегі сертификаттарды табыс етті.

Дінбасының қолынан сертификат алған имамдар: «Бұл бізге қосымша жауапкершілік жүктейді»,- десіп жатты, өзара қуаныштарымен бөлісіп. 

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: