ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін, 20 шілде – Құрбан айттың бірінші күні. Шариғатқа сәйкес, ұлық мейрам айт намазын оқумен басталды.

Елдегі пандемия жағдайына байланысты көптеген өңірлерде, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент секілді ірі қалаларда айт намазы оқылмады.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына қарасты Жібек Жолы кентінде (ауылы) айт намазын өткізіп, ел мен жердің тыныштығы үшін арнайы дұға жасады.

«Құрметті жамағат, Құрбан айт – еңсемізді тіктеп, көңілді жүретін ұлық мерекеміз. Бір-бірімізді айтпен құттықтап, сый жасайық. Әйтеуір бұл күндер басқа жәй күндер секілді өтіп кетпесін. Індеттен қайтыс болғандардың соңынан дұға жасап, ауырып жатқандардың тезірек сауығып кетуін және осы қиындықтан аман-есен құтылуымызды Алладан тілейік. Мейрам құтты болсын!» деді Бас мүфти.

Еске сала кетейік, республиканың түкпір-түкпірінде құрбан шалу рәсімдері басталып кетті. Пандемия жағдайына байланысты еліміздің бірқатар аймағында құрбандық шалу бірыңғай онлайн форматта qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асып жатқан болса, кей өңірлерде жартылай дәстүрлі форматта атқарылуда.

Әрине, Құрбан айт тек намаз оқып, құрбан шалумен шектелетін мереке емес. Алланы ұлықтаумен бірге ізгілік, қайырымдылық, жақын адамдардың жарасымы мен туған-туыстың татулығы, мұқтажға көмек, міскінге қолдау, осының барлығы бір мерекенің бойына сыйып тұрғандай.

Алла Тағала сіз бен бізден қабыл етсін! Құрбан айт құтты болсын, Қазақ елі!

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: