Ихсан ілімі – рухани тәрбие көзі

Ихсан ілімі – рухани тәрбие көзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтаулар бүкіл әлемнің жаратушысы Алла тағалаға тән. Алланың игілігін және сәлемін екі дүниенің сардары Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) және оның жанұясына болсын.

Ихсан – Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық ету. Сен оны көрмесеңде, Ол сені көріп тұрғанына сенуің. "Ән-Нахл" сүресінің 128-аятында Алла тағала былай әмір етеді: «Күмәнсіз Алла тақуалармен және ихсан етушілермен бірге».

Бұл аятта тақуалар: Аллаға еш нәрсені серік қоспай, иман етіп, харамдардан Алладан қорыққан сияқты қашуы, ихсан етушілер, Аллаға құлшылықты шын ықыласпен орындаушылар.

Алла оларды қорғап және оларға көмек беріп, дұшпандарынан,  қарсы келушілерден жеңіске жеткізеді. Алланың мұхсиндері мен бірге баруы, осы тәрізді және "Шура" сүресінің 217-220 аяттарында Алла тағала мынаны әмір етеді: "Намазға тұрған кезінде сені сәжде етушілер арасында көріп тұрған мейрімді Аллаға тәуекел ет. Әр нәрсені естуші һәм кепіл беруші ол Алла".

"Юнус" сүресінің 61- аятында Алла тағала төмендегідей әмір етеді:

«Әй Мұхаммед, қандай жұмыста болсаң да, Құраннан не оқысаң да, әй адамдар, қандай жұмыста болсаң да, Құраннан не оқысаң да біз сендерді әлбетте көріп тұрамыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хазреті Омар ибн Хаттабдан риуаят етілген хадисінде былай деп жеткізеді: Бір күні Расулуллах (с.ғ.с.) қасында отырған кезде, сырттан күтпеген бір адам кіріп келеді, аппақ киім киген шаштары қап-қара бөтен бір кісі келіп Расулуллах (с.ғ.с.) қасына отырып тізесіне тіреп алақандарын тізесінің үстіне қойып сұрақ қоя бастады:

- Әй Мұхаммад! Ислам деген не?

Расулаллах: "Ислам Алладан басқа тәңір жоқ екеніне, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, Бес уақыт намазды толық оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шаман келсе қажылыққа бару" - деді.

Әлгі кісі: "Дұрыс айттың" деді, сосын "иман" деген не дейді. Сонда Расулаллах (с.ғ.с.): "Иман - Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларға, ақірет күніне, тағдырдағы жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне иман етуің" - дейді.

Кейін әлгі кісі "Ихсан" не деп сұрады. Мұхаммед (с.ғ.с.): "Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық етуің, сен оны көрмесеңде ол сені көріп тұрады" - деді. Кейін әлгі кісі: "Қиямет қай уақытта болады" - деді? Расулуллах (с.ғ.с.): "Оралған кісі сұрақ қоюшыдан артық білмес" - деді.

"Олай болса, қияметтің белгілері не?" - деп сұрады. Әз Пайғамбар (с.ғ.с.): "Қызың қожайыннан бала туып, жалаң аяқ жалаңаш кедей қой шабандары, ғимарат соғып бір-бірімен жарыс жасауы" - деді.

"Кейін әлгі кісі тұрып шығып кетті, біз қатып қалдық" - дейді Омар (р.а.).

Біраздан кейін Мұхаммед (с.ғ.с.): Ей, Омар сұрақ қоюшының кім екенін білесің ба? - дейді. Біз: «Алла және оның Расулы жақсырақ біледі» - дедік. Расулаллах (с.ғ.с.): "Ол Жәбірейіл періште еді, сендерге дінді үйрету үшін келді," - деді. Ихсан ілімі – кісіні тақуалыққа жетектейді, тақуа калимасы.

Сейид Шариф Әл-Журжани өз қол жазбасында: «Аллаға мойынсұнып, оның қаһарынан қорқып жасалған және жасайтын амалдарының соңынан Аллаға сиынып, одан сақтануың» - дейді. Атақты Мутасаууиф Әбу Талиб Әл- Меккі: «Тақуалық - барлық жақсылықтарды өз ішіне алады» - дейді. Тақуалық - бұл жамандықтардан өзін тиюы, діннің әдебін сақтау, адамды Алладан алыстататын әр нәрселерден аулақ тұру. Нәпсіні тию, тиым салынған нәрселерден алыс тұру, Алладан басқа еш нәрсені көрмеу; Өзіңді ешкімнен артық деп білмеу, Алладан басқа әр нәрсені тәрк ету, сөзінде және іс-әрекетінде Әзреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ізінен еру.

 Ансар АБИЛОВ

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы

«Хаджи Тамаль Мәдина» мешітінің имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: