Кеше Ватикан аумағында алғаш рет қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды. Аталмыш оқиға Папа Францисктің израильдіктер пен палестиналықтар арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында екі ел басшыларын шақырған жиынында орын алды.
Айта кетейік, Папа Франциск дінаралық мерекелік шараға Израиль президенті Шимон Перез бен Палестина автономиясынң президенті Махмұд Аббасты арнайы шақырған болатын. Сондай-ақ, бұл кездесуге әртүрлі дін өкілдері де қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысынан тікелей түсірілім жұмыстары болатынын уәде еткен Ватикан билігі бұл кездесудің «саясаттағы үзіліс» жасайтынына сенімді.
muslim.kz