Кутада Әнас бин Мәліктен (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Адам баласының әр нәрсесі қартаяды, тек екі нәрседен басқа, олар: сараңдық (ашкөздік) пен келешекке деген үлкен үміт».
Тақуалардың билеушісі Ғали бин Әбу Тәліп (р.а.) былай айтқан: «Сендер үшін екі нәрседен қорқамын: келешекке деген үлкен үміт пен нәпсінің айдауымен жүруден. Ақиқатында, келешекке деген үлкен үміт ақиретті ұмыттыртады, ал нәпсіге берілу — хақ жолдан тайдырады».
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Мен үш нәрседе үш адамның қамын жеймін: кедейліктен қашып құтылудың жоқ екендігіне қарамастан, бұл дүниеге беріліп, оның соңына түсіп, онымен қиысып кетуден, сондай-ақ, қолы бос болмаушылыққа қарамастан, еркін болудан әрі соңынан қуаныш болмайтын қайғыға қарамастан қуанудан».
Әбу Дарда (р.а.) Хамас тұрғындарына келіп, былай айтқандығы келтірілген: «Сендер ұялмайсыңдар ма? Сендер өздерің тұрмайтын ғимараттар саласыңдар, өздерің қол жеткізе алмайтын нәрселерге үміттенесіңдер, өздерің қолданбайтын дүниелерді жинайсыңдар. Асылында, сендерге дейінгі адамдар да үлкен ғимараттар салып, көп дүние жинап, келешекке көп үміт артқандардан болған. Ал олардың ендігі мекендері — қабір, үміттері - алдау, жиған дүниелері құрыған». Ғали бин Әбу Тәліп (р.а.) Ғұмар бин Хаттабтың былай айтқанын келтірген: «Әр кез өзіңнің екі досыңды — Алла Елшісі (ﷺ) мен Әбу Бәкірді (р.а.) кездестіргің келсе, киіміңді жамап, сандалдарыңды жөндеп, үмітіңді қысқартып әрі тоя тамақ жеме».
Ақиқатында, Әбу Ғұсман Нахди (р.а.) былай айтқан: «Мен Ғұмардың (р.а.) киімін көрдім. Оның киімінде он екі жамау болған әрі сол киіммен ол уағыз айтқан».
Күндердің күнінде Ғали бин Әбу Тәліптің (р.а.) үстіне жуылмаған әрі қалың киім киіп базарға келгендігі айтылған. Мұны көрген адамдар оған: «Уа, тақуалардың билеушісі, біраз жеңілдеу киім кигенің жақсы болар еді», - дейді. Сонда Ғали (р.а.): «Бұл киім әулиелердің белгісіне ұқсас менің жанымның қорқынышы, мүміндерге мұндай киім кию жақсырақ», - деп жауап берген екен.
Әбу Зарр (р.а.) былай айтқан: «Мен адамдарды білемін, адамдардың ең тақуасы бұл дүниеден безіп, қорлық көріп өмір сүрген жандар, бірақ олардың анағұрлым жаманы - дандайсығандары болып табылады».
Кейбір данышпандар: «Қателіктердің түп-тамыры үшеу. Олар: қызғаныш, ашкөздік және өзін-өзі асқақтату. Тәкаппарлық өзін-өзі асқақтатудың тамыры болып табылады. Сәжде жасамағаны үшін Ібіліске қарғыс айтылған. Ал ашкөздікке келер болсақ, оның түп -тамыры Адам Ата (ғ.с.) болып табылады. Оған: «Жұмақтағының бәрін жеуге болады, тек мына ағаштың жемісінен басқа», - деп айтылған, бірақ оның ашкөздігі дәл сол ағашқа алып келген, сол үшін Адам Ата (ғ.с.) Жұмақтан қуылған. Ал қызғанышқа келер болсақ, оның тамыры - бауыры Хабилді өлтірген Адам Атаның (ғ.с.) ұлы Қабыл болып табылады. Оның мәңгілік орны Тозақ», - деп айтқан.
asyldin.kz