Даун синдромы бар қыз Құранды толық жаттап шықты

Даун синдромы бар қыз Құранды толық жаттап шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Даун синдромымен туылған иорданиялық Равана Двейк қасиетті Құранды толық жаттап шықты. 26 жастағы мұсылман әйел мұндай диагнозбен Құранды жаттап, осындай жетістікке жеткен алғашқы адам.

Қыздың мұғалімдері айтқандай, көп жағдайда ол өзінің мінезінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді. Равана әрқашан қайсарлығымен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, хафиз қызын тәрбиелеудегі үлкен еңбек анасына тиесілі.

«Мен оны босанып, Даун синдромымен ауыратынын білгенде, қатты қайғырдым. Бірақ содан кейін мен қызыма Құран оқуды үйретемін және біз Алланың көмегімен бүкіл кітапты үйренеміз деп Алла Тағалаға ант бердім », - дейді Равананың анасы Аватеф Джабер.

«Менің анам қасиетті Құранның бір аятын оқыды, мен артынан қайталап отырдым. Әр аятты кем дегенде 10 рет қайталаймын, содан кейін жатқа айтамын. Маған бұл тапсырманы жеңілдеткен Алла болды », - дейді мұсылман Хафиз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: