#Сарысу: Қыз-келіншектерге рухани-психологиялық тренинг жасалды

#Сарысу: Қыз-келіншектерге рухани-психологиялық тренинг жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық мешітінде мешіт жамағатының қатысуымен  "ИНАБАТТЫ ҚЫЗ, ИБАЛЫ КЕЛІН, АРДАҚТЫ АНА"  атты тақырыпта ауқымды семинар-тренинг болып өтті.

Іс-шараға ҚМДБ ұстазы, дінтанушы, Аса ауылдық  Бәйдібек мешітінің ұстазы Жайна  Сапарбекқызы арнайы келді. Семинарда қыз баланың тәрбиесі ананың құрсағынан бастау алу керектігі, ибалы келін, ардақты ана болу үшін қыз кезіндегі тәрбиенің маңызды екендігі айтылды.

Құран мен хадистен оқиғалар мысылға келтіріліп,  Құран аяттары тәпсірленіп, жамағатқа әйел адамның Ислам дініндегі орны кеңінен түсіндірілді.  

Жайна Сапарбекқызы  “Қызыңды бөтен үйге қондарма”, “Қызға қырық үйден тыйым” , “Келіні жақсының , керегесі берік”, “Әйел бойындағы ең асыл қасиет имандылық”, “Әйел отанасы, Отанасы-отбасы ұйытқысы”  атты тақырыптарды ауқымды етіп жамағатқа жалпақ тілде түсіндіре білді. Тренингте "Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден құтылу’’,  "Мейірім, махаббат, бауырмалдық сезімдерімізді іс–ірекет арқылы жеткізудің маңыздылығы’’  іс жүзінде жасатылып жамағаттың рухани жаңаруына себепші болды. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер, ақындардың қанаттары сөздері де тілге тиек болды.

Жамағат келген қонағымызға алғыс білдіріп, қимастықпен  шығарып салды. Осы іс-шараның ауқымды өтуіне атсалысқан Жайна Сапарбекқызына алғыс білдіреміз, Алла жолындағы қызметі қабыл болсын. Әмин!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: