Тәрбие бесіктен емес, құрсақтан басталады

Тәрбие бесіктен емес, құрсақтан басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Дінімізде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, оған ата-ананың міндеті - жақсы ат қою, ақиқа құрбандық шалу, сүндетке отырғызу, жақсы тәрбие беру қажет.

Қазақта "балалы үй базар, баласыз үй мазар" деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан. Ал тәрбие бесіктен емес, құрсақтан басталады. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес құрсақтан бастап тәрбиелеу қажет. Балаға деген мейірімі, сезімі, ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі басты мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса, білім де соншалықты тереңде.

Болашақ білімді, дарынды, адамгершілігі мол ұрпақ ең бастысы иманды үлкенді сыйлай білетін кішіге қамқор бола білетін бала ертең елінің елеулі халқына қалаулы азаматы болады деп сенген. Сондықтан балаға ең алдымен иман, дін тәрбиесін беру маңызды. 

 

 Қуаныш Исмаилов

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының имамы 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: