Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Сома қаласына жақын маңда шахтадағы жарылыстан қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты.
«Бауырлас түрік еліндегі ауыр қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың туған-туыстары мен ет жақындарына жеке өзімнің және Қазақстан мұсылмандарының атынан көңіл айтамын. Жаратушы Алла марқұмдарды мейіріміне бөлеп, жәннатты нәсіп етсін! Апаттан аман қалғандарға Алла тағала шипасын беріп, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», – делінген жеделхатта.
muftyat.kz