#Шу ауданында 1 маусым - халықаралық балалар қорғау күні аталып өтті

#Шу ауданында 1 маусым - халықаралық балалар қорғау күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін 1 маусым-Халықаралық балалар қорғау күні мерекесіне орай, Шу ауданы Төле би ауылы "М.Жүнісәлиев" саябағында және Жиенбет ауылы "Жиенбет-Жексенбай" мешітінің имамы Бердібеков Жүкірәлінің ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің ауласында, мерекелік концерт іс-шарасы болып өтті.

Игі іс-шараның куәсі болған балалар батут ойындарын ойнап, арнайы әзірленген алаңға бормен сызу сызып, қызу ойынға кірісті. Демеушілер тарапынан берілген балмұздақ пен тәтті сусындарды табыстаған дін мамандары балалардың қуанышын көріп қайтты.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: