Әбу Язид әл-Бистами жайлы мынандай бір оқиға келтірілген. Аллаға құл болудың барлық жауапкершілігін толық сезіне өмір сүрген әл-Бистами бір күні: «Уа, Алла Тағалам, саған қалай жақындасам болады?» - деп жалбарынады.
Сол кезде тосыннан мынандай дауыс естіледі: «Маған Менде жоқ нәрсемен ғана жақындай аласың». Мұны естіп таң-тамаша қалған әл-Бистами: «Уа, Раббым, Сенде жоқ не болуы мүмкін?» - деп сұрайды.
Сонда: «Менде біреуге бас ию, мұқтаждық таныту, дәрменсіздік пен пақырлық жоқ!» - деген жауап естілген екен. Бұл «Құлым, сен өз әлсіздігің мен дәрменсіздігіңді мойындап, мұқтаж екеніңді сезініп, шын ниетпен бас ию арқылы маған жақындай аласың» дегенді білдіруде.
asyldin.kz


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

