Құраннан алынған тез жатталатын күшті дұғалар

Құраннан алынған тез жатталатын күшті дұғалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. «Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар» (4:75).

2. «(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді» (7:23).

3. «Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» - дейді» (7:47).

4. «...Раббымыз! Біз бенен еліміздің арасына туралықпен Сен үкім ет. Сондай-ақ Сен билік айтушылардың ең жақсысың» (7:89).

5. «Раббым! Мені әрі ұрпақтарымды намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл айла!» (14:40).

6. «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, – (деді)» (14:41).

7. «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді» (18:10).

8. «Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді» (25:65).

9. «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”- дейді» (25:74).

10. «Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”- (деп тілейді)» (40:7)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: