2021 жылы БАӘ-де қасиетті Рамазан айы 2021 жылы 13 сәуір, сейсенбіде басталуы мүмкін. Өз кезегінде Ораза айт мейрамы 13 мамыр, бейсенбіге келеді деп күтілуде. Бұл туралы араб астрономиясы және ғарыштық ғылымдар кеңесінің мүшесі Ибрахим Аль Джаруан мәлімдеді, ол сонымен бірге Рамазан айындағы діни ораза уақыты туралы ақпарат таратты.
Абу-Дабиде Рамазан айының бірінші күні ораза 04:43-те, ауызашар 18:47-де болады. Бұл бірінші күні мұсылмандар 14 сағат 4 минут ораза ұстайды деген сөз. Рамазан айының 30-шы күні ораза сағат 04:15-те басталып, 19: 01-ге дейін жалғасады, яғни ораза 14 сағат 46 минутқа созылады.
Фуджейра мен Корфаккандағы ораза елордаға қарағанда 7 минут бұрын басталады, Аль Гувайфат және Аль-Сила'а елді мекендерінде 11 минуттан кейін басталады.
Мешіттердегі тарауих намазы 12 сәуірде құптан намазынан кейін басталып, 11 мамырға дейін жалғасады.
asyldin.kz