#Мойынқұм: Аудан ақсақалдарымен жиын өтті

#Мойынқұм: Аудан ақсақалдарымен жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Мойынқұм" мешітінің имамы Рысбай Асылбекұлы аудан билерімен "Ихсан жан тәрбиесі" тақырыбында кездесу өткізді.

Жиында сөз бастаған аудан имамы: "Қоғамда орын алып жатқан "Феминизмнің"  келер ұрпаққа зиянының орасан екендігін, елді рухани азғындыққа апаратын бірден бір жол, дінімізде бұндай іс харам екендігін жеткізді.

Имам: "Бабаларымыздан біздерге жеткен тектілікті сақтап қалу үшін ел болып күресуіміз керек. Жастарға дұрыстықты көрсету жолында қарттарымыздың да насихаттары қажет. Жаны тазаның ары таза, қайда жүрмейік, Алла біздің әрбір ісімізді бақылап, көріп тұр," - деп, бұл азғындық дертті тоқтату үшін бірігіп жұмыс жасау қажеттігін айтып өтті.

Алдағы уақытта Алла жазса ақсақалдар мен жастардың басын қосып, рухани кездесудің жалғасын ұйымдастырмақ.

Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: