НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОТОКӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОТОКӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордадағы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығында «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрменің ашылуы салтанаты өтті.

Іс-шараға орталықтың басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, сондай-ақ Австрия, Ирак, Иран, Ливан, Латвия, Мысыр, Пәкістан, Түркия және басқа мемлекеттердің шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.

«Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге және сол иман аясында игі іс істеуге шақырады. Халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», – дейді. Сондықтан осындай тәлімі мол көрме өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртып, рухани кемелденуге жол ашады деп білемін. Бүгінгі тарихи сәтте елімізде алғашқы болып Назарбаев орталығы ұйымдастырып отырған «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» халықаралық фотокөрмесінің жұмысына сәттілік пен береке тілеймін» деді өз сөзінде Ершат Ағыбайұлы.

Кездесуде Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, барлық діндер мен конфессиялар арасында әрекеттестік мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа ұмтылып, әлемде төзімділік идеяларын жылжытуға барынша ықпалдасып жатқанын атап өтті.

Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конфессияаралық диалогты күшейтудегі рөлін, сонымен қатар мәдени-ағартушылық мәні бар және бейбітшілік пен келісімді қолдаудағы ортақ жауапкершілік қалыптастыратын халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру маңыздылығын жоғары бағалады.

Басқосу соңында кездесу қатысушыларына ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған галереяға орналастырылған фотосуреттермен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: