Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Алтынбек Хусаинов құқық қорғау қызметкерлерімен жүздесті. Наиб имам жүздесу барысында «діни жат ағымдардың атрибутикасын қалай танимыз?» тақырыбын егжей-тегжейлі ашықтады. Сонымен қоса өз-өзіне қол жұмсау (суицид) шариғатта дұрыс емес екендігін, өміріміз бізге берілген ең үлкен нығмет екендігін түсіндіріп өтті.
Сөз соңында тәжірибелі маман отан қорғау ұлық іс екендігін айтып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз. Екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» деген хадисін жеткізді.
Елімізді дұшпаннан қорғап, шекара күзеткен әскерлеріміз бен тәртіп күзетуші тәртіп сақшыларының Алла Тағала қызметтеріне береке беріп, қызметін абыроймен атқаруды нәсіп етсін!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі