ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жамбыл аудандық өнер мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кеңес отырысына қатысты. 2020 жылдың 7-23 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен «Бейбітшілік және келісім» жобасын іске асырудың іс-қимыл алгоритимі әзірленген болатын.
Жобаның басты мақсаты - ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, адамгершілік құндылықтарға үндеу, еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұлтаралық толеранттылық рөлін арттыру, қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру.
Аудандық «Қаратау қажы би» мешіт баспасөз қызметі