Соңғы үш айда Мединада пайғамбар ﷺ мешітіндегі кілемдерді дезинфекциялау үшін 23000 литрден астам экологиялық таза антисептиктер қолданылды.
Бұл қадам коронавирустық пандемия кезінде Пайғамбар ﷺ мешітіне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған сақтық шараларының бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды Сауд Арабиясының мемлекеттік агенттігі.
Осы кезеңде 7743 литр хош иісті май қолданылды. Мешітті бақылайтын комитеттер әр он күн сайын пайғамбар ﷺ мешітінде 450 кілем ауыстырады.
asyldin.kz