Ихсан ілімі тақуалыққа жетелейді

Ихсан ілімі тақуалыққа жетелейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ихсан - Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық ету немесе сен оны көрмесен де, Ол сені көріп тұрғанына сену. Алла тағала "Нақыл" сүресінің  128-ші аятында: «Алла күмәнсіз мұттақилар және ихсан етушілер мемен бірге» делінген. Бұл аятта "мұттақилар" сөзі Аллаға ешнәрсені серік қоспау, иман етіп және қарамдардан аулақ тұруды білдіреді. Ал ихсан еткендер Аллаға құлшылықты шынайы ықыласыменен орындағандар. Міне, соларды Алла қорғап дұшпандарға және қарсы келгендерге қарсы жеңіске жеткізеді. Алланың мухсиндерменен бірге болуы осы.

"Жүніс" сүресінің 61-ші аятында: «Ей, Мухаммед қандай жұмыста болсаңда, оған тиісті құран оқығанда да және ей адамдар қандай амал істесеңіздер де Сіз сол амалға кіріскен уақытта біз сендерді әлбетте көріп тұрамыз».

Омар ибн Хаттаб (р.а) риуаят етілген жебрейіл хадисінде: бір күні Расулуллах (с.а.с) қасында отырған кезінде бірден аппақ киім киген қара шашты алыстан қарағанда жолаушы белгісі болмаған бөтен бір кісі келіп Расулуллахтың қарсысына келіп отырып, алақандарын оның тізесіне қойып, сұрақ қоя бастады.

-Ей, Муххамед (с.а.с) ислам не?

Расулуллах (с.а.с):

- Алладан басқа құлшылыққа лайықты илаҺ жоқ екеніне және Мухаммед (с.а.с) Оның елшісі екеніне куәлік ету, 5 уақыт намазды толық орындау, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамаң келсе қажылыққа бару, -деді.

Әлгі кісі дұрыс айттың деді, кейін 2-ші сұрақты қойды.

- Иман деген не?

Расулуллах (с.а.с); -Иман - Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға (жақсылық және жамандық Алладан екніне иман етуін) - деді.

- Дұрыс айттың, - деді, кейін 3-ші сұрақты қойды.

-Ихсан деген не? Расулуллах (с.а.с):

- Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық етуі. Сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұр - деді.

-Дұрыс айттың, - деді, кейін 4-ші сұрақты қойды. 

-Қияметтің уақыты қай уақыт? Расулуллах (с.а.с):

-Сұралып тұрған сұрақ қоюшыдан артық білмейді,- деді Расулуллах (с.а.с): "Қүңнің қожайынынан бала туу, жалаң аяқ, жалаңаш қой бағушы шопандардың бір-біріменен үлкен ғимараттар көтеруде жарыс жасау,"- деді. Кейін Ол кісі орнынан тұрып кетті. Біз қатып қалдық, -дейді әз Омар (р.а). Содан соң Расулуллах (с.а.с) сұрақ қоюшының кім екенін білесіңдер ме? - деді. Біз "Алла және оның елшісі жақсырақ біледі" дедік. Расулуллах (с.а.с): Ол жәбірейіл періште еді, сендерге дінді үйрету үшін келді" - деп жауап берді.

Қорытындылай келе, осы аяттардан және хадистен ихсан бұл аллаға деген құлшылықты шынайы ықыласыменен орындау және әрбір іс-әрекетімізді Алла бізді көріп, бақылап тұр деген оймен жасау. Алла тағала тиым салған нәрселерден және харамдардан аулақ тұруымыз керек екен. Сонда ғана тақуалық дәрежесіне жетуі мүмкін болады.    

 Ансар АБИЛОВ

Жамбыл ауданы,  Қаламаңы ауылы

«Хаджи Тамаль Мадина»  мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: