«ХАЛЫҚ АРНА» ҰЖЫМЫ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

«ХАЛЫҚ АРНА» ҰЖЫМЫ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халық арна» телеарнасының директоры Нұржан Дарқұлов Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді.

Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев құрметті қонақтармен сұхбаттасып, болашақ жобалар жөнінде талқылады. «Халық арна» директоры Нұржан Дарқұлов пен продюссер Ербол Байқоңыров университет жастарымен жүздесіп, өзара ашық әңгіме өрбітті.

«Қазақ ұлылары «Мен жастарға сенемін» деп өткен ғасырда болашаққа сенім артып, бізге үлкен аманат қалдырғаны белгілі. Осы орайда Нұр-Мүбарак университеті студенттерінің белсенділігі мен креативті ойларын байқап, қуанып отырмыз. Бұл дініміз, қоғам, мемлекет үшін жақсы жобалар жасауға бастама деген үміттеміз. Елдегі діни кадрлар даярлайтын жалғыз ислам университетінің әлеуеті мен ықпалы күннен күнге артып келеді. Прогрессивті дамуына қарап, қуанып жатырмыз, – деп Нұржан Дарқұлов жастарға ағынан жарылды.

Жол көрсетер ағалық қамқорлықты аңғарған жастар да көкейінде жүрген  жобаларын ортаға салып, ойын ашық жеткізді. «Бізде қанша жоба-жоспар болса да, өмір тәжірибесі аз. Сондықтан сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, жол көрсетулеріңіз бізге ауадай қажет деп» университеттің Жастар ісі комитетінің төрағасы Мәди Бекентай інілік ізет танытты.  

Белсенді жастар тіпті жаңа жобалардың сценарилеріне кірісіп кеткенін де жеткізді. Нұржан Дарқұлов жастардың белсенділігіне ризашылық білдірді. Продюссер Ербол Байқоңыров жастардың журналистикаға деген талпынысын аңғарып, өз кеңесін айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: