БАС МҮФТИ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДА БОЛҒАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДА БОЛҒАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Шындықты іздеген табады» атты тақырып аясында елордада арнайы кездесу өтті.

Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға бұрын деструктивті діни ағымдар жетегінде болып, кейін дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына бет бұрған, сондай-ақ «Жусан» операциясымен елге оралған азаматтар қатысты.

Жиын барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабының тарихи сабақтастығы мен маңыздылығына тоқталып, төл мәзһабымыздың қоғамның ілгері дамуына тигізер орасан пайдасы туралы насихатын жеткізді.

Бұрын деструктивті ағымның арбауына іліккен азаматтар бүгінде өздерінің қателігін түсініп, дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы, Матуриди ақидасы бойынша діни білімін жетілдіріп жатқанын тілге тиек етті.

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни оңалту саласы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарына атсалысып, қателіктен сабақ алудың пайдалары туралы пікірін бөлісті.

Айта кетсек, өткен жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанынан Діни оңалту бөлімін ашқан болатын. Бүгінде бөлім мамандары радикалды діни көзқарастағы азаматтарға жеке түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: