Пәкістандық мұсылман Нилюфер Ширази кірпіш сындырудан әлемдік рекорд орнатты және Гиннестің рекордтар кітабына енді. Хиджабтағы нәзік қыз химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді, бірақ өмірдегі басты хоббиі жекпе-жек.
Нилюфер кірпішті қолдың соққысымен сындырады. 2020 жылы ол қысқа уақыт аралығында бір отырыста 150 кірпішті сындыра алды. Биыл қыз өзіне өте жоғары деңгей қойды. Мұсылман әйелге 1000 кірпішті сындыруға 27 минут кетті. Осылайша, Нилюфер Ширази барлық әлемдік рекордтарды бұзды.
"Біз іс–шараның толық видеосын Гиннестің кітабының ұйымдастыру комитетіне жібереміз, ол кірпішті сындыру санатында рекордшы ретінде енгізіледі", - деді іс-шараны ұйымдастырушы Имтиаз Ахмед.
Қыз мұнымен тоқтап қалмайды. "Мен бір соққымен сегіз блокты бұзып, әлемдік рекорд орнатқым келеді", - деп бөлісті Нилюфер Ширази.
asyldin.kz