Нәжашидің Исламды қабылдауы

Нәжашидің Исламды қабылдауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жағфар ибн Әбу Тәліп (р.а.) риуаятын ары жалғастырып былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға һижрет етіп, сол жерде қауіпсіз бейбіт өмірге қол жеткізіп қана қоймай, өзінің ықпалын күшейткеннен кейін, біз Нәжашиге: «Алла расулы жеңіске жетті, Мәдинаға һижрет етті, дұшпандарын тізе бүктірді. Оның жанына қайта оралғымыз келеді, бізді елімізге жібер», – дедік.

Ол біздің ат-көлігіміз бен жол азығымызды дайындатып, маған: «Сендерге қалай қарағанымды пайғамбарларыңа айта барыңдар. Қатарыңа елшімді қосып жіберемін. Куәлік етемін, Алладан басқа тәңір жоқ. Ол – Алланың расулы. Одан мен үшін дұға етуін сұраңдар», – деді. Хабашстаннан шығып, Мәдинаға тарттық. Мені Пайғамбарымыз (с.а.с.) күтіп алып, құшақтап: «Хайбардың жеңісіне қуанайын ба, әлде Жағфардың келгеніне қуанайын ба?» – деп қуанышын жасыра алмады. Біздің Мәдинаға баруымыз Хайбар жеңісімен тұспа-тұс келген еді. Сосын Алла расулы тізе бүкті. Нәжашидің бізбен бірге келген елшісі: «Мына Жағфардан патшамыздың оларға қалай қарағанын сұра», – деді.

Жағфар: «Иә, бізге мынадай да мынадай жақсылық істеді. Кетерде бізге азық пен көлік берді. Алладан басқа илаһ жоқ екеніне, сіздің Алла расулы екендігіңізге куәлік етті», – деп болған жағдайдың бәрін баяндайды. «Сізден өзіне Алладан кешірім сұрап, дұға етуіңізді өтінді», – дейді. Сонда Алла расулы (с.а.с.) орнынан тұрып, дәрет алды да, үш рет «Уа, Алла тағалам, Нәжашиді кешіре гөр!» – деп дұға етті. Мұсылмандар бұл дұғаға «Әмин» десті. Сосын елшіні аттандырып тұрып: «Расулаллаһтың дұға еткенін патшаңа айта бар», – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: