НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА БАС ИМАМНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА БАС ИМАМНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі Түркістан облысына жасаған сапарында облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың жұмыс есебін тыңдады.

Е.Қарақұлов Бас мүфтиге діни оңалту, қайырымдылық іс-шаралары, онлайн дәрістер, сауат ашу курстары, уағыз-насихат жұмыстары бойынша есеп берді. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында бекітілген жеті бағыт бойынша, атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс жүргізуге жіті назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар мүфтият бастамасымен қолға алынған киелі өңірлерде діни туризмді дамыту қажеттегін айрықша атап өтті.

«Аллаға шүкір, Түркістан шаһары күн санап түлеп келеді. Оған осы сапарымызда куә болдық. Мұнда келуші туристер саны да күн сайын өсуде. Киелі қаланың жаңа келбетімен танысқысы келетіндер «Түркістан – Қожа Ахмет Яссауи мешітіне» соқпай кетпейді. Осы ретте келушілерге мешіт тынысын жан-жақты таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан кеңсесі жұмысы жайлы, дін мен дәстүр сабақтастығы, ихсан ілімі туралы толыққанды мәлімет берілсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти өңір имамдарына нақты тапсырмалар берді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: