Бұл өнертабыс бүкіл әлемдегі мүгедектердің өмірін өзгертеді

Бұл өнертабыс бүкіл әлемдегі мүгедектердің өмірін өзгертеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиялық мұсылман әйел Ренада Хусейн есту қабілеті нашар адамдарға көлік жүргізуге көмектесетін құрылғы ойлап тапты.

Патша Сауд университетінің медицина факультеті студентінің өнертабысы көлік құралдарының сыртындағы дыбыстарды түрлендіретін және оларды автомобильдер ішіндегі экрандарға суреттер мен түстер түрінде жіберетін акустикалық датчиктер арқылы жақсы жүруге көмектеседі.

"Менің өнертабысым бүкіл әлемдегі 644 миллион саңырау адамдарға рульге өздігінен отыруға көмектеседі және көру арқылы дыбыстарды қабылдау, бұл есту қабілеті нашар адамдарға да, айналасындағы адамдарға да төнетін  қауіпті азайтады", - деді мұсылман әйел.

Осы өнертабысы үшін Хусейн Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының кубогына 2020 жылы әлемдегі ең жақсы өнертапқыш әйел ретінде ие болды.

Бұған дейін ол 2019 жылы Малайзияда өткен халықаралық өнертабыстар мен инновациялар көрмесінде алтын медальға, сондай-ақ 2020 жылы әлемдегі ең үздік өнертабыс үшін Корей халықаралық олимпиадасында бірінші орынға ие болды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: