Түркия президенті WhatsApp-тан бас тартты

Түркия президенті WhatsApp-тан бас тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Құпиялылық саясатының өзгеруіне байланысты WhatsApp мессенджерінен бас тартты. Бұл туралы Bloomberg түрік басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Түркия президентінің әкімшілігі бұрын WhatsApp-та құрылған топтарын Turkcell Iletisim Hizmetleri-ге тиесілі BiP қосымшасына аударады. Ердоғанның кеңсесі өз мәлімдемесінде журналистерді BiP-ке көшуге шақырды.

Мемлекет басшысының мысалын Түркия Қорғаныс министрлігі де ұстанды. Бұл қадам Ердоғанның шетелдік әлеуметтік желілерге қарсы ауқымды науқанының бөлігі болды, деп хабарлайды агенттік. Turkcell мәліметтері бойынша, соңғы күні BiP Messenger-ге Түркиядан миллионға жуық жаңа пайдаланушылар қосылды.

Бұған дейін WhatsApp қолданушылары ақпаратты мессенджер операторы-компанияның бақылау пакетіне ие Facebook әлеуметтік желісімен бөлісуге міндеттелген болатын. Бұл пайдаланушылардың әдеттері мен талғамдарын талдау үшін қажет деп айтылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: