Омардың (р.а.) риуаяты бойынша, күндердің бір күнінде әлдебір бәдәуи Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мал-мүлік сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Қазір қолымда ешнәрсе жоқ. Бірақ сен менің атымнан өзіңе қажеттіні ал. Ақысын өзім төлеймін», – деді.
Бұған төзе алмаған Омар (р.а.): «Уа, Расулаллаһ! Сізден сұраған кезде бердіңіз. Жарайды ол кезде қолыңызда бар еді. Қазір қолыңызда жоқ. Алла тағала қолыңызда жоқ нәрсені тауып бермегеніңіз үшін жауапқа тартпайды ғой!», – деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Омардың (р.а.) бұл сөзін ұнатпады. Осы кезде ансарлық сахабалардың бірі: «Уа, Алланың елшісі! (Алла үшін) беріңіз! Ғарыштың иесі сізді аш қалдырмайтыны өзіңізге аян», – деді. Пайғамбарымыз бұл сөзді естігенде: «Жаратқан мені осы мақсатпен жіберді», – деп жадырап сала берді.
asyldin.kz