4 желтоқсанда Түркімен билігі гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстанның Фаряб провинциясының Андхой этрапындағы Акин ауылында 500 орындық жаңа мешіт ашты. Салтанатты іс-шараға түрікменстандық ресми тұлғалардың делегациясы қатысты. Бұл туралы «Түркіменстан Бүгін» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.
Ғибадатхана құрылысында ең жаңа технологиялар қолданылды. Мешіт аумағында автотұрақ бар.
Еске салайық, сол күні Түркіменстаннан гуманитарлық көмектің жаңа партиясы Фаряб және Джауздан провинцияларына келді. АИР-ға дәрі-дәрмектер, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары және тұрмыстық заттар жеткізілді.
Осы жылдың тамыз айында түркімен билігі Ауғанстанға коронавируспен күресу үшін медициналық жабдық жіберді.
asyldin.kz