ҚМДБ мәлімдемесі: арандатушы ақпарат.

ҚМДБ мәлімдемесі: арандатушы ақпарат.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда бірді-екілі интернет порталынан, телеарнадан «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» деген мазмұнда негізсіз ақпар тарап, ел ішіне желдей есті. 

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында орын алды делінген оқиғаны www.altaynews.kz сайтына жариялап жіберді. Елді дүрліктірген оқиға ақиқатында болмаған.
 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігі мәселенің мән-жайына қанықты. Аягөз қаласында ондай қылмыстық оқиға орын алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, аймақтағы өкілдігімізге Аягөз аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Тұрлыбековтің қолы қойылған анықтама келіп түсті. Онда: «Аягөз қаласы мен ауданында 2012 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Алтай ньюс» сайтында көрсетілген оқиға болмағанын хабарлаймыз», - делінген.
 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады.
 Ислам ғұламалары өтірік айтуды үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Қасиетті Құранның 167 жерінде жалған сөйлеудің зияны мен зардабы қатаң ескертілген. Алла тағала мүбәрак кітаптың «Наһл» сүресінің 105-аятында: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне, солар өтірікшілер», - деп ескерткен...

 

іslam-orkeniet.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: