Жуық арада Грузияда Ислам радиосы жұмысын бастамақ. Кавказ мұсылмандары басқармасының Грузиядағы өкілдігінің басшысы Әли Әлиевтің айтуынша, қазіргі күні осы мәселе бойынша келіссөздер аяқталуға таяу.
«Мақсатымыз - Грузияда көп шоғырланған мұсылмандарға асыл дініміздің құндылықтарын жеткізу», - дейді ол. Айта кетейік, Грузия халқының 10 пайызға жуығын мұсылмандар құрайды. Олардың басым бөлігі - әзірбайжандар.
Дәстүрлі христиан мемлекетінде Ислам насихаты радио арқылы да қолға алынып жатқаны өзге елдерге, соның ішінде дәстүрлі мұсылман мемлекеті - Қазақтан үшін де үлкен өнеге!
Ескендір Тасболат
іslam-orkeniet.kz