Бұл жөнінде Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің Мәскеу мэриясы өкілдерімен кездесуінде мәлім болды.
Бүгінгі таңда Ресей астанасында төрт мешіт жұмыс істейді.
Мүфтилер кеңесі төрағасының орынбасары Рушан Аббясов мешіт салу ісі күн тәртібінде тұрғанын айтты. «Мәскеу мұсылмандарына мешіт жетіспей-тіні шындық. Шеттен келгендерден бөлек, жергі-лікті мұсылмандардың да саны жыл санап артып келеді. Соған орай, мэриямен келіссөздер жүргі-зіліп, жер мәселесі шешілуде. Жер бөлінгеннен кейін құжаттарды жинауға екі жыл уақыт керек», - дейді Р.Аббясов.
Қалалық мэрия да мүфтиятпен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, алдағы уақытта барлық мәселенің шешілетінін мәлімдеді. Мешіт салу ісінде қалалықтар мен мұсылмандардың пікірлері де ескерілетінін айтты.
Еламан ҚОҢЫРОВ
іslam-orkeniet.kz