Қайырымдылық - адам жанының нұры. Мұқтаждарға көмек көрсете отырып, пенденің пейілі мейірімге толса, көмек алған адамның жүрегі жұмсарады.
Осындай игі істе ауызбіршілік танытып, "Ар-Рахмен, Ар-Рахим" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мен мешіт жамағатының мүшесі Ғалымжан Исмаиловтың қатысуымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
Шаңыраққа қажетті күнделікті тұтынатын азық-түлік себеді беріліп, көмек алған ана батасын берді.
Ақерке Бекқұлова,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі