Түркияда «Симпсон» мультфильмін көрсеткен телеарнаға айыппұл салынды.

Түркияда «Симпсон» мультфильмін көрсеткен телеарнаға айыппұл салынды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Атылмыш телехикаяда ібілістің құдайдан кофе сұрайтын тұсы бар. Мұнда екеуі де адам кейпінде берілген. Өзге бөлімінде кейіпкерлердің бірі құдай атынан кісі өлтіруге шақырады. Сондай-ақ, «Симпсонды» түсіргендерді Інжілді ішімдік ішкен жасөспіріммен бірге өртейтін тұсы үшін де айыптап отыр.

Agence France-Presse хабарлағандай, медианы қадағалаушылар бұл бірінші айыппұл салулары емес. Осыған дейін де дінге тіл тигізіп, тарихи тұлғалардың бейнесін бұрмалаған немесе отбасы құндылығын теріс дәріптеген фильмдер мен телехикаяларды көрсеткені үшін бірнеше телеарналарға айыппұл салған.

«Симпсон» мультхикаясын көрсетуге Түркияда ғана емес, өзге елдерде де шектеу қойылған. 2001 жылы Германияда мультфильмнің ядролық қуат пен радиацияның салдарына қатысты қалжыңға құрылған барлық бөліміне тыйым салынса, Литвада сыраны насихаттағаны үшін көрсетпей тастады.

1987 жылы эфирге жол тартқан "Симпсон" америка тарихындағы ең ұзақ мультхикая болып табылады. Қазіргі уақытта 24-ші маусымы көрсетіліп жатыр. Әзірге түсірілгені 500 бөлімнен асып жығылады.

 


BAQ.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: