Құран Кәрім ым-ишарат тіліне де «аударылмақ»...

Құран Кәрім ым-ишарат тіліне де «аударылмақ»...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
«Ғаламдық Мылқау мұсылмандар ұйымы (Global Deaf Muslim) – АҚШ-тағы сөйлей алмайтын мұсылмандарды ислами біліммен сусындатуға талпыныс жасап жүрген жалғыз ұйым», – дейді Дэви Баркер вебсайтта жариялаған жазбасында.

Жоғары аталған игілікті шара Калифорнияда бас қосқан Мұсылман қауымдастықтар бірлестігінің басқосуында алғаш рет тілге тиек етілді.

Кездесу кезінде Ғаламдық Мылқау мұсылмандар ұйымының президенті Наширу Абдулай ым-ишара тілінің жалпы Исламға қатысты сөздігіне қысқаша тоқталып өтті.

Осылай қынжылған Баркердің мұсылман ғалымдар, лингвистер мен кәсіби бейнеоператорлардың бірлескен жұмысына үміт артатынын жасырмайды.

Шара барысында мылқау мұсылмандар өзара әзілесіп те алды. Баркер: «Көптеген мылқау америкалықтар үшін ағылшын тілі екінші тіл есебінде, себебі бұлар үшін бірінші кезекте Америкалық ым-ишарат тілі тұр», – деп қалжыңдады. Бұдан басқа ол мүгедек бауырлардың басындағы қиын жағдайды да тілге тиек етті: «Дегенмен, мылқау мұсылмандардың басында екі қиыншылық бар: біріншісі, олардың түсінігіне лайықталған ислами мәтіндердің аздығы; екіншіден, оларды толғандырған сұрақтарға солардың қарым-қатынас тілінде жауап бере алатын ұстаздардың жоқтығы».

Ол: «Америкалық ым-ишарат тілі – тек қана дене ым-ишаратына ғана емес, сонымен бірге дене мен бет-әлпет қимылдарына да негізделген визуальды тіл екенін» айтады.

Мұсылмандар осындай тілді меңгерген аудармашылардың әр мешіт пен Ислам мерекелерінде болғанын қалайды. Мұндай ауқымды шараға қомақты қаржы керек екені анық.

Бұл ретте Баркер: «Бастамашыл топ мүшелері 114 сүрені аудару үшін 1350 долларға демеуші болатын адамдар мен ұйымдар іздеп отыр», – дейді. «Мұндағы мақсат ым-ишара тіліндегі толық Құранның DVD-форматын жасап шығару. Сосын бұл өнімдерді көмекші құрал ретінде әлемнің барлық мылқау адамдарына таратар едік. Сонымен бірге, бұл видеотаспалар ғаламтор арқылы да қолжетімді болады деген ниетіміз бар».

Ғаламдық Мылқау мұсылмандар ұйымы (Global Deaf Muslim) Құрама штаттардағы үкіметтік емес ұйым. Оны мылқау мұсылмандар өз құқықтарын қамтамасыз етіп, қызығушылықтары мен мүддерін қорғау мақсатында 2005 жылы құрған болатын.

 

 

BAQ.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: