Қазақстанда терроризмге жаңа анықтама берілді.

Қазақстанда терроризмге жаңа анықтама берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл жайында "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Еске салсақ, аталған заң жобасын Парламент қарауына Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасымен Мемлекет басшысы енгізген болатын.

Құжат терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталады. Бұл ретте заң жобасымен мемлекеттік органдарды, қоғамдық институттарды, халықты тарта отырып, терроризмге қарсы іс-қимылдағы кешенді көзқарасты регламенттеу және осы салада, ең алдымен өңірлерде, профилактикалық жұмысты күшейту көзделеді.

Бұдан бөлек, заң жобасымен қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын бірқатар уәкілетті органдардың құзіретіне терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ «терроризмге қарсы іс-қимыл» ұғымы оның үш негіз құраушы бағыты бекітілген жаңа редакцияда жазылады. Атап айтқанда, бірінші - терроризм профилактикасы, яғни қоғам мен мемлекеттің барлық тіршілік саласында терроризмді туындататын және терроризм актілерін жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды болдырмау. Екінші - террористік әрекеттерді анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу. Үшінші - барлық күштер мен құрылымдарды жұмылдыру жолымен терроризм салдарын барынша азайту немесе жою.

 

Бұдан бөлек, «терроризм» ұғымы «күш қолдану идеологиясын» білдіретін жаңа қағидаттық мазмұнмен толықты. Құжат арқылы ҚР Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесуге тарту тәртібі нақтыланады.

Қабдулкәрім ӘБДІҚАЗЫМОВ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

 

- Сарапшылар тоқайласқан ортақ пікірге сай, қазіргі заманғы терроризмді нақты қылмыстық әрекет деп емес, керісінше, өзіне әлеуметтік қарама-қайшылықты топтастырған қоғамда зорлық-зомбылық пен қақтығыс деңгейіне жеткен күрделі әлеуметтік саяси құбылыс деп түсіну қажет. Сол үшін терроризмге қағидатты түрде жаңа анықтама беруге тырыстық.

 

Терроризм дегеніміз - күш қолдану идеологиясымен халықты үрейлендіру. Демек, жеке адамға, қоғам мен мемлекетке зиян келтіруге бағытталған күш қолдану, қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп қоқан-лоқы жасау арқылы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету практикасы болып отыр.

Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылды.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: