Осман сұлтанының көне семсері Әбу-Даби қаласында өткен аукционға қойылды.

Осман сұлтанының көне семсері Әбу-Даби қаласында өткен аукционға қойылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Даби қаласындағы «Emirates Palace» қонақ үйінде  тарихи  жәдігерлер  көрмесі өтті. Көрменің басты экспонаты саналған Осман сұлтанының көне семсері  аукционға қойылды.

 

skynewsarabia.com-ның хабарлауы бойынша, бұл көне семсері Осман империясын 1830-1876 жылдары  билеген Абдул Азизхан сұлтанға тиесілі екен. Абдул Азизхан - Осман империясы патшаларының ішінде Германия, Франция және Египет елдеріне сапар жасаған алғашқы  билеуші болған.

 

Қылыш Дамаск қаласынан әкелінген  құрыштан  жасалып, алтынмен көмкерілген. Қылыштың жоғарғы жағынан алтынмен араб тілінде жазылған  ислами сөздерді оқуға болады. Сонымен қатар, қылыштың жоғарғы жағы күміспен қапталып, сұлтанның мөрімен және күрделі жазулармен өрнектелген.

 

Экспонаттар  кешенінен  аукционға Осман пашасының мүсіні де қойылған. Ол 12 ғасырда атақты француз мүсіншісінің алтын жалатылған қола және піл сүйегінен жасаған туындысы болып табылады.

 

Көрмеден 16 ғасырдағы атақты каллиграф, Абдалла Харави есімімен елге танылған Абдулла Табах көркемдеген қасиетті Құранның көне қолжазбасын да көруге болады. Бұл еңбек  өсімдік майларымен, аса ұқыптылықпен жасалғандығымен ерекшеленеді. 

 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: