Түркия екінші жерсерігін ұшыруда.

Түркия екінші жерсерігін ұшыруда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Анадолы» агенттігінің  хабарлауы бойынша,  түріктердің «Гёктюрк-2» әскери-зерттеу жерсерігі  Цзюцюань қытай ғарыштық  базасы арқылы осы жылдың 19 желтоқсаны күні  ұшырылмақ. 


Естеріңізде болса, Түркия елінің отандық жылжымалы алғашқы "Расат" жерсерігі 2010 жылы ғарыш кеңістігіне ұшырылған болатын.
«Гёктюрк-2» жерсерігі әскери және азаматтық мақсатта, сонымен қатар, ауылшаруашылығы, көлік және дамып келе жатқан қала құрылысының суреттерін  түсіріп отыруы  үшін қолданылатын болады. Аталмыш жерсерігі суреттерді 25 метрге дейінгі көлемде түсіре алады.
"Гёктюрк-2" жерсерігінің құны 79 млн долларды құрайды.   Елдегі билік өкілдері  жасанды жерсерігін жасау технологиясын өз жерінде дамытуды мақсат тұтып отыр.

 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: