АСТАНА-МӘСКЕУ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Ресей Президентінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, құттықтау жеделхатында В.В. Путин экономика, әлеумет, мәдени және ғылыми-техника саласында Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға бере отырып, өңірлік және жаһандық күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешудегі елдің жетекші орнын атап өтті.
Ресей көшбасшысы ресей-қазақстан стратегиялық ынтымақтастығының қарқынды әрі оң дамуына айрықшы тоқталды. Сондай-ақ ол саяси диалогтың және Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, ТМД және Ресей мен Қазақстанның мүддесіндегі басқа да көпжақты құрылымдарда тәжірибелік өзара әрекеттің дамуын тілге тиек етті.
inform.kz


07 Ақпан 2026
19 Шаабан 1447

