Пятигорск мешітінің жамағаты мешітке көліксіз келу туралы ұсыныс тастады.
Ставропольск мүфтиятының басшысы Мухаммад Рахимов «ИА IslamNews» агенттігіне берген сұхбатында: «Қазіргі уақытта жұма күндері қалалық мешітке мың жарым адам келеді, оның 80 пайызы жастар», - деп мәлімет берген болатын.
Оның айтуынша, мешітке келушілердің саны бір ғана мешіттің аумағына сия бермейді, ал жұма күні мешіттің айналасы көліктерге лық толы болып тұрады. Мешіттің бір қызметкері өткен бір жұмада мешітке келуші жамағаттардың 350 жуық көлігінің мешіт айналасында ретсіз және тәртіпке сай келмейтін жағдайда тұрақтағанын айтқан. Осының салдарынан келесі көшедегі көлік қозғалысы қиындап, жергілікті тұрғындарға ыңғайсыздық тудырған.
Бұл мәселені шешу үшін мүфтият жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Мухаммад Рахимовтың айтуынша, бұл іс-шара іске аса бастаған, себебі, соңғы жұмада мешіт айналасында елуге жуық қана көліктің тұрақтағанын айтты және бұл ұсынысқа құлақ асып, сыйластық білдіргені үшін мешіт жамағатына алғысын білдірді.