ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак емхананың жуынатын бөлмесінде құлап, басынан жарақаттанды.
Қазіргі уақытта ол емханада жатыр, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі Мысырдағы күштер құрылымдарының дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.
Медициналық тексеруден мәлім болғандай, Мүбарак кеуде тұсымен еденге соғылған, дегенмен экс-президенттің ешқай жері сынбаған, деп хабарлады дереккөз.


20 Тамыз 2025
25 Сафар 1447

