Жаман мінез деп нені айтамыз?

Жаман мінез деп нені айтамыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Күпiр.

2. Надандық.

3. Айыпталудан қорқып ақиқатты жасыру.

4. Мақтағанды жақсы көру.

5. Ақидасы бұрыс болу. (Қате иман)

6. Хава-и нафс, яғни нәпсiнiң қалауларына еріп жүру.

7. Басқаларға еліктеген иман. (Танымайтындарға еліктеу)

8. Рия, ахирет iстерiн мақтаныш және абыройы үшiн iстеу.

9. Тул-и амал. (Өмiрдiң қызығын көру үшiн ұзақ өмiр сүруді армандау)

10. Тама’. (Дүние ляззаттарын харам жолдардан iздеу)

11. Кібірлік. (Өзiн жоғары санау, тәкәппарлық)

12. Тәзәллүл. (аса қарапайымдылық)

13. Ужб. (Iстеген жақсылық пен ғибадаттарына менменсу)

14. Хасед. (Қызғаныш, көре алмаушылық, нығметтердің басқалардан кетуін қалау. Абуллейс Самарқанди: «Үш кiсiнiң дұғасы қабыл болмайды, олар - харам жеген, ғайбат айтқан, хасед еткендер.»)

15. Хықд. (Басқаларды төмен санау)

16. Шаматат. (Кісінің басына келген қиыншылықа, пәлекетке қуанып, шаттану)

17. Хиджр. (Достық қарым-қатынасты үзу)

18. Жүбн. (Қорқақтық)

19. Тәхәуур. (Ашулы мiнездiң көп және зиянды болуы.) 

20. Ғадр. (Берген сөзiнде тұрмау.)

21. Қиянат. (Мүнафықтықтың белгісі; сенімділікті бұзатын сөз не іс.)

22. Уәдесін бұзу. (Хадис шәрифте: «Мүнафықтықтың белгісі үшеу: өтірік айту, берген сөзін бұзу, аманатқа қиянат жасау» делінен.)

23. Су’и зан. (Су’и зан /жаман ойда болу/ ету харам. Күнәларының кешірілмейтіндігін ойлау Алла Тағалаға суи’ зан ету болады. Мұсылмандарды пасық деп ойлау да суи’ зан болады.)

24. Дүние мүлкіне деген махаббат.

25. Тәсуиф. (қайырлы iстердi iстеудi кешiктiру, кейінге қалдыру.) Бiр хадисте:«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ақiретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастықтың қадiрiн, кедейліктен  бұрын байлықтың қадiрiн» - деп айтылған.

26. Пасықтарды, яғни  харам істейтін адамдарды жақсы көру. (Пасықтықтың ең жаманы зұлым ету.)

27. Ғалымдарға дұшпан болу. (Ислам ілімдері және ғалымдарымен әзілдеу күпір болады.)

28. Фитна шығару. (Адамдарды қиын жағдайға түсіретін бүлік шығару.) Хадис шәрифте: «Фитна ұйқыда, оны оятқан кiсiге лағнет (қарғыс) болсын» -делiнген.

29. Мудахана және мудара. (Күшi жете тұра харам істегенге кедергі болмау және дүниесі үшiн дінін беруге мудахана делінеді. Діні үшін дүниесін беру мудара болады.)

30. Инад және мукабара. (Ақиқатты, дұрыс нәрсенi естiп, қабыл етпеу, қырсығу.)

31. Нифақ. (Екi жүздiлік.)

32. Тәфәккур етпеу. (Күнәларын, жаратылғандарды және өзін ойламау.)

33. Мұсылманға бет дұға ету (қарғау).

34. Мұсылманға жаман лақаб ат тағу.

35. Кешірім сұрағанды кешірмеу. Кешірімді болмау.

36. Құран Кәрiмдi қате тәфсир ету.

37. Харам нәрсе iстеуден қайтпау.

38. Ғайбат айту

39. Тәубе етпеу.

40. Абырой-атаққұмарлық.

Жаман мінездерден  алыс болып, жақсы мінезді болуға ұмтылу керек. Хазреті Пайғамбарымыздың алейһиссалам хадистерінде: «Ғибадаттары аз болған кісі, жақсы мiнезiмен қиямет күнi биiк дәрежелерге жетедi.»

«Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы, аз сөйлеу және жақсы мiнездi болу.»

«Сенен ұзақ жүргендерге жақын болу, зұлымдық еткендерді кешіру, өздерін махрұм еткендерге жақсылық жасау – жақсы мінезді болудың белгілері.» 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: