Мұсылман қыздар есту қабілеті төмен балаларға арнап шоу ұйымдастырды.

Мұсылман қыздар есту қабілеті төмен балаларға арнап шоу ұйымдастырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көру, есту, сөйлеу қабілеті  Алланың бізге берген зор нығметі екені туралы Сіз жиі ойланасыз ба? Осы нығмет үшін Жаратқанға соңғы рет қашан шүкір айттыңыз? Адамдардың бірі осы мүмкіндіктердің қадірін білмей жүргенде, енді біреулер Алланың бұл нығметтеріне зәру болып жүр... Бардың қадірін білу қашан да артық етпес...

 

Осындай ойды жүзеге асыру мақсатымен Саратов аудандық Діни басқарма жанынан ашылған «Родник» белсенді қыз-келіншектер ұйымы осы аудандағы есту қабілеті төмен бабаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларына барып қайтты. 

Олар бұл оқу орнында тәрбиеленіп жатқан балаларға арнап ерекше тосын сый - көбікті шоу ұйымдастырды. Интернаттың үлкен залында өткен бұл шарада балалардың барлығы үлкенді-кішілі түрлі қалыптағы көбіктерге қол тигізіп, қуанып жатты. Шоуды ұйымдастырушылар жеткіншектерді үлкен қуанышқа бөледі.  Балаларды көңілді қойылымнан басқа тәтті сыйлықтар да күтіп тұрды.

 

Мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамастан, балалардың барлығы көңілді жүрді. Кешті ұйымдастырушы қыз-келіншектердің жылы лебіздері мен тілектерін естімесе де, олардың өздеріне деген жүздеріндегі жылулық  пен  күлкі, қуанышты сезіп, көре білді. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: