Әйгілі «Süddeutsche Zeitung-ն» (SZ) неміс баспасы әлем діндері картасын басып шығарды. Онда Түркия мемлекеті христиан мемлекететі есебінде көрсетілген, деп хабарлайды «Акос» агенттігі.
Бұл картада елдегі мұсылмандар шоғырланған жерлер жасыл түспен, ал христиандар шоғырланған жерлер қызыл түспен, ал қалған діндер басқа түстермен боялған. Осы жерде Түркия мемлекеті қызыл түспен боялған мемлекеттер санатына жататындығы көрсетілген.
Түркия кеңесінің өкілі Мюнхена Нукхет Кыван немістің ең беделді «Süddeutsche Zeitung-ն» (SZ) баспасының бұл ісін таңқаларлық үлкен қателік және келеңсіздік деп жариялады.
Аталмыш баспаның өкілдері бұл қателіктерін ерте байқамағандары үшін өкініш білдіріп, өрескел қатені түзеуге уәде береміз деп хабарлады.