Меркі халқына бұл өте ауыр тиді. Оның себебі: апатқа ұшыраған азаматтардың ішінде Меркі ауданы шекара күзетінің басшысы Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы және аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы болған. Бұл азаматтар туған жерге, отанға деген сүйіспеншілігі терең, иманды, дінге қамқоршы азаматтар еді.
Осы қайғылы оқиғаны естісімен ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек мешіт қызметкерлерімен марқұмдардың отбасына барып, көңіл айтып, Пайғамбарымыздың хадисіне тоқталды: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді. Біріншісі күнәсына өкініш білдіріп , оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз» делінген деп, дұға жасап қайтты. Сол күні бесін намазында жамағат болып марқұмдарға Аллаһтан жарылқау тілеп, Мақсат, Алмаз бауырларымыздың жанұясына, артында қалған ата-ана, жары мен балаларына Аллаһтың жәрдемі болсын деп тіледі.
Ұшақтан апат болған марқұм бауырларымызды Аллаһ тағала пендем деп, рахымына алып, жәні жаннатта болып, иманы серік болсын.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
«Меркі-ата» мешіті Беделбаев Амангелді