Аты аңызға айналған Антонио Иноки Исламға қалай келгенін сөз етті.

Аты аңызға айналған Антонио Иноки Исламға қалай келгенін сөз етті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бұрынғы  кәсіби рестлер  және шығыс жекпе-жегінің шебері  жапондық  Антонио Иноки Пәкістанда болып, өзінің Ислам дініне қалай келгенін әңгімелеп берді», - деп хабарлайды жергілікті The Express Tribune басылымы.
   
Иноки Пәкістан еліне  рестлинг  бойынша  өтетін  әлем  біріншілігіне қатысу үшін келген.  Беназир Бхутто  әуежайында тілшілермен  әңгімелесу  барысында  спортшы Жапония мен Пәкістан  Республикасы  арасындағы  дипломатиялық қатынастарға 60 жыл толуына орай осы елге ат басын бұрғанын айтты.  Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын Исламды қабылдап, өзіне «Мұхаммед Хуссейн»  есімін таңдағанынан да хабардар етті.

 

Баспасөз-конференциясының соңында Иноки жиналға қауымға  қол бұлғап «Пакистан зиндабад!» (Пәкістан жасасын!) деген лебізін білдірді.  Спортшы бұрынырақ та Пәкістанда болып, марқұм әйгілі Акраммен де күш сынасқан.  Жиын аяқталған соң ол өзінің дүнеден өткен әріптестері Джам және Акрамның қабірлерін зиярат етпекші. 

 

Иноки  бұл елге өзімен әкелген екі тонналық  рингпен  жас  спортшылармен бірге дайындалмақшы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: