болған қақтығыс салдарынан қаза болған адам саны 60 мыңнан асты.

болған қақтығыс салдарынан қаза болған адам саны 60 мыңнан асты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ берген ақпаратқа қарағанда Сирияда болған қарулы қақтығыс
салдарынан қаза болған  адам  саны кем дегенде 60 мыңнан асты деп хабарлайды Lenta.Ru.
БҰҰ-ның адамдар құқығы жөніндегі комиссары   Наванетхема Пиллэйаның  сөзіне қарағанда 2011 ж. 15 науырыздан 2012 ж. 30 қарашаға дейін қаза болғандар саны 59648 адам болған. Бұл сан соңғы бес айдағы сараптама қорытындысы. Егер әскери теке-трестің қараша айының аяғына дейін толастамағанын ескерсек, онда қаза болғандардың жалпы саны 60 мыңнан асып жығылады.


 «Интерфакс»-тың  хабарына сүйенсек, өлім құшқандардың 76%  -  ер адамдар   болса, 7,5 % - әйелдер. Өлгендердің 16,5 % -ның қай жыныста екендігін айыру мүмкін емес. Өлгендердің көбісі Хомс, Дамаск және Идлибтен.


Коммерциялық емес ұйым Benetech-тың мәліметі бойынша, Сирияда 2011 ж. жаз айында өлгендер саны 1000 адамдай болса,  2012 ж. шілдесінде  қаза болғандар 5000-нан асып түсті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: